Шымкентте қоғамдық көліктерге бейнекамералар орнатылып жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 9, 2023

Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер бүгіннен бастап қатаң бақылауға алынды деп хабарлады Отырар арнасы.

Жол-патрульдік полициясынің ұсынысымен барлық автобустарға бейнебақылау орнатылып жатыр. Бүгін 103-бағыттағы 18 көлікке қондырғы орнатылды.

Бейнеқондырғы бір-бірімен жарысып, апаттардың орын алуына себеп болатын автобус иелерінің әрекеттеріне тосқауыл болады деген сенім бар.

Естеріңізде болса, өткен жылы жолаушыға, дұрысы 50 теңгеге таласқан қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен аялдамада жас қыз ажал құшқан болатын.

Бұл қондырғы Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы көліктерге орнатылып жатыр.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.