2016 жылы халықтың 1 пайызы қатты байи түседі


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 28, 2020

Oxfam қайырымдылық ұйымының мәліметі бойынша 2016 жылға қарай, халықтың 1 пайызы қалған 99% пайызына қарағанда қатты байитын көрінеді.

Ұйым жыл сайын әлемнің ең ықпалды адамдарын Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға шақырады. Ол жерде күннен-күнге байлар мен кедейлердің арасындағы теңсіздіктің алшақтап келе жатқанын талқылайды.

Oxfam басшысы Уинни Бьяньима қазіргі кезде теңсіздік таңғаларлық жағдайға жеткенін, әлемдегі ең бай және ең кедейлердің арасындағы алшақтық жедел қарқынмен өсіп келетінін мәлімдеді.

Қайырымдылық қордың мүшелері өз кезегінде әлем елдерінің билік саласындағы басшыларын салық төлеуден жалтарғандармен күресуге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға шақырды.

Сондай-ақ заңды түрде ең төменгі айлық табыс пен өмір сүру минимуын белгілеуді және оның әділ болуын қадағалауды өтінді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.