Австралиялық министр Twitter-де жоғалған сырғасын тауып беруді өтінді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 2, 2023

Австралияның сыртқы істер министрі Джули Бишоп Twitter қолданушыларынан Сиднейдегі Martin Place ауданында жоғалтып алған сырғасын табуға көмектесулерін өтінді.

«Сәлем, Twitter. Мен Martin Place ауданында сырғамды жоғалтып алған едім. Егер тауып жатсаңыздар, маған мына нөмір арқылы хабарласыңыздар: 02 62777500. Рахмет», — деп жазған министр өз парақшасында.

Бишоп бұған қоса Sky News телеарнасына берген сұхбатының стоп-кадрын да жариялаған. Аталған кадрда министр ханымның құлағында тек бір сырға бар екенін байқауға болады.

Айта кету керек, Twitter қолданушылары Бишоптың хабарламасының шынайы екендігіне күмән де келтірген. Кейбіреулері тіпті министрдің аккаунтын хакерлер бұзып кірген, ал өзгелері бұл министр ханымның әзілі болуы мүмкін деп қарады.

Ал әлеуметтік желінің жартысы Cыртқы істер министрінің бұл твитін министрге лайық әрекет емес деп баға берді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.