Атырау облысында шенеунік жалған дипломмен жұмыс істеген


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 10, 2023

Жылыой аудандық соты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушыға қатысты үкім шығарды.

Ол бұл лауазымға 2014 жылдың 4 ақпанында тағайындалған кезде Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының спорт және дене шынықтыру мамандығы бойынша дипломын жолдаған. Алайда, тексеріс кезінде құжаттың жалған екендігі анықталған.

"Ол сот үстінде Арқалықта ешқашан оқымағанын, ал дипломды Құлсары қаласында тұратын танысынан сатып алғанын мойындады", — деді Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Алтынгүл Исмағұлова.

Сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығын ескеріп, оған 100 АЕК мөлшерінде 198 мың теңге айыппұл салды. Бүгінде басшы  жұмыстан босатылған.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.