Ақылбек Жеменей Үндістанда клип түсіріп жатыр


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 3, 2023

«Қызыл өрік» атты хит әннің орындаушысы Ақылбек Жеменей жақында көрермендерге жаңа бейнебаян тарту етеді. Әнші кезекті жаңа бейнебаянын түсіруде деп жазады baistars.kz сайты.

Өзге өнер иелері шет елдерде демалып жүргенде, әнші жаңа бейнебаянын түсіру үшін Үндістанға аттанып кетті. Қазір Үндістанда түсірілім жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр.

Бейнеклип әлі жарияланбаған Болат Нұрғазиннің әні мен Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған «Ару айым» атты әнiне түсірілуде. Ақылбек Жеменей осыған дейін «Көк айдай», «Зула», «Қара көз», «Айлы түн», «Ақ баян» атты әндеріне бейнебаян түсірген.

Әнші қазір продюсерлікпен де айналысып жүр. Алдында өзі продюсерлік ететін «Самал» тобымен «Ақ баян» атты әніне түсірген бейнебаянын жарыққа шығарған болатын.

Сондай-ақ, әншінің жары Орынкүл Абишева әншілікті қолға алып, өнерге бет бұрғанын айтқан болатынбыз. Орынкүл ханым да қазіргі таңда шығармашылық жұмыстарымен айналысуда.

Жаңа бейнебаянды наурыз айында отандық музыкалық арналардан көре аласыздар.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.