Алматыға Ұлыбритания премьер-министрінің арнайы елшісі келеді
Ұлыбритания премьер-министрінің Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанмен сауда қатынастарын дамыту бойынша арнайы елшісі профессор Чарльз Хендри 16-20 қаңтарда Алматы қаласына келеді.
Профессор Чарльз Хендри Үкіметтің көптеген негізгі өкілдерімен, Алматы қаласының әкімімен, Қазақстан Ұлттық банкінің басшысымен және Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасымен кездеседі.
Сондай-ақ ол Ұлыбритания-Қазақстан іскерлік қатынастарын талқылау үшін британдық және халықаралық іскерлер қауымдастығы өкілдерімен жүздеседі.
Ресми кездесулермен бірге профессор Хендри Қазақстан-Британ техникалық университетіне барып, студенттермен әңгімелесуді көздеп отыр.
Бұл сапар Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы бизнес саласындағы ынтымақтастық деңгейінің артқанын көрсетеді.
Новости Казахстана
6