Алматыда автокөліктің әйнектерін ұрлаған азамат ұсталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 8, 2022

Алматының Бостандық ауданы "Орбита" ықшам ауданындағы көшелердің бірінде қаңтарылып тұрған көліктердің әйнектерін ұрлаған азамат қолға түсті.

Бұл туралы Алматы телеарнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлады. Жол-патрульдік полицейлердің мәліметі бойынша, күмәнді ер адам туралы ақпарат 102 пультіне түнгі сағат үш жарымда түскен.

Санаулы минуттардың ішінде Біржан мен Мұстафин көшелерінің қиылысында күдікті назарға ілінген. Ұсталған азаматтың сыртқы киімінің қалтасынан Lexus маркілі көлікке тиесілі әйнек табылған.

Оны көлік иесі бірден танып, полицияға күдіктінің үстінен арыз түсірген. Ұсталған тұлға қылмыс орнында кездейсоқ болғанын айтып ақталуда.

АІІБ-да бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қолға түскен күдіктінің қатысының бар-жоғы тергеушілер анықтайтын болады.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.