Ислам Кәрімов Өзбекстан президентінің лауазымына қайта ұсынылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 26, 2023

Өзбекстанның іс басындағы президенті Ислам Кәрімов 29 наурызда өтетін ел президентінің кезекті сайлауына кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының бейсенбі күні жариялаған хабарында айтылған. Ислам Кәрімов

76 жасар Кәрімовтың кандидатурасы кеше ғана өткен ӨзЛиДеп съезінде бекітіліп, ұсынылды, деп көрсетілген хабарда.

Қазір Өзбекстанның іс басындағы басшысы бес жылға президент сайлауына ұсынылған бірінші кандидатура болып отыр. Президенттікке кандидаттар ұсыну, мемлекет басшысын сайлау туралы заңға сәйкес, 65 күн қалғанда басталып, 20 күнге созылады.

Заңнама бойынша, дауыс беруге соттың тарапынан қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында отырған тұлғалардан өзге 18 жастан бастап Өзбекстан азаматтары қатыса алады.

Осыған дейінгі президент сайлауы Өзбекстанда 2007 жылы өткен, оның қорытындысы бойынша мемлекет басшысы болып жеті жылға республиканы 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Ислам Кәрімов сайланды.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.