Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 13, 2024

Алматы тұрғындары 15 қаңтарда өте сирек табиғи құбылыс – қар жауғанда күн күркіреп, найзағай ойнауының куәсі болды, деп хабарлады ҚазТАГ.

"Қар жауғанда және бұрқасын кезінде найзағай ойнады, күн күркіреуінің гүрілі естілді", — деді бейсенбі күні агенттіктің редакциясына телефон шалған қала тұрғыны.

Басқа бір куәнің айтуынша, таңғы 9 сағаттар шамасында Сүйінбай көшесінде жарқ еткен жарық көрінді.

Қыс мезгіліндегі табиғаттың тосын мінезіне байланысты "Қазгидромет"-тің кезекші диспетчері Тоғжан Қарабаева: "Біз аздаған жауын жауады, арты қарға айналады деп болжаған едік. Бәлкім сол себептен күн күркіреп, найзағай ойнаған шығар", — деді.

Сондай-ақ ол Алматыда дауылдық ескерту жарияланбағанын айтты. Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бейсенбі күні ауық-ауық аздаған қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0 +2.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.