Йемендік «Әл-Каида» Париждегі террактіні мойнына алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 10, 2022

Йемендегі "Әл-Каида" бөлімшесі Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық журналы редакциясына шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті мойындарына алды, деп хабарлады ВВС.

Топ оның өкілі "Әл-Каида" бас көшбасшысы Айман Завахири Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға тіл тигізген журналға шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлаған бейне үндеуді жариялады.

Бұдан бұрын Charlie Hebdo-ға шабуылдаған ағайынды Кувашидердің бірі — Шерифтің "Арабия жарты аралында Әл-Каиданың" атынан шыққанын хабарлаған бейнетүсірілімі пайда болған.

Алайда "Әл-Каида" бұған дейін жауапкершілікті мойындарына алмаған болатын. Шабуыл салдарынан 12 адам көз жұмған еді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.