Меню
Категории
Алматыда таксопарктер балалы жолаушылардан 300 теңге артық алуда
27.04.2023 Новости Казахстна

Жаңа жол ережесі қара халықтың қалтасын қағуда. Автоорындықты алу былай тұрсын, баласын ерткен жолаушылар далада қалатын түрі бар.

Себебі, қарапайым жүргізуші оларды көлігіне жолатпаса, арнайы такси автокресломен жабдықтағаны үшін қызмет құнын көтерді. Енді, 12 жасқа дейін баласы бар тұтынушы такси қызметіне қосымша 300 теңге төлейтін болады.

Алматылық «Лидер-такси» компаниясы көлікті автокресломен жабдықтағаны үшін қозғалыс ақысын 300 теңгеге арттырған. Басты себеп — такси жүргізушілерінің арасындағы дауды тоқтату.

Біздің компания 7 қаңтардан бастап, 12 жасқа дейін баласы бар жолаушыларға 300 теңге көлемінде қосымша төлем төлеу туралы өзгеріс енгізді.

Сондай-ақ «олардың қызметіне қызығушылығын арттыру», — дейді компания қызметкері. Алайда, бұл өзгерістер қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиетіні мәлім.

Еске сала кетейік, жаңа жол қозғалысы ережесі 7 қаңтарда күшіне енді. Дәл осы күннен бастап, аталған такси диспетчері қызметтеріне аталған соманы қосыпта үлгеріпті.

«Біздің компания 7 қаңтардан бастап, 12 жасқа дейін баласы бар жолаушыларға 300 теңге көлемінде қосымша төлем төлеу туралы өзгеріс енгізді. Мәселен, біз алдымен хабарласқан тұтынушыдан неше баласы бар екенін сұраймыз. Өйткені, жаңа заңға сәйкес оған жіберетін таксиде сонша автокресло болуы шарт. Алайда олар қосымша тек 300 теңге төлейді. Қосымша төлемнің бала санынына еш қатысы жоқ. Бүгінде біз барлық таксилерді автоорындықтармен қамтамасыз етудеміз», — деді «Лидер-такси» маркетинг бөлімінің басшысы Әсел Тәуірбаева. 

Бұл заң сонымен қатар, күнделікті нан-шайын айырып жүрген жүргізушілерге де тосқауыл болды. Себебі, олар баласы бар тұрғындарды отырғызудан бас тартып, жолда қалдырып отыр. Яғни, автоорындық алуға қаржы жоқ және артық айыппұл арқалағысы келмейді.

Ал «300 теңгеге ақыны көтерген такси паркінің қадамы заңсыз», — дейді қорғаушы. Осы әрекеттен кейін, бала-шағасы бар жолаушылар енді тұтынушы құқығын қорғау орталығына жүгіне алады.

Мәселен Батыс Қазақстан облысында  200 теңгеге қымбаттаса, бізде 300 теңгеге өскен. Такси құны, баланың болу болмауына қатысты болмауы қажет.

«Бүгінде еліміздің көптеген қаласында автокреслосы бар такси қызметінің құны артып отыр. Мәселен Батыс Қазақстан облысында  200 теңгеге қымбаттаса, бізде 300 теңгеге өскен. Меніңше бұл заңға қайшы. Өйткені такси құны, баланың болу болмауына қатысты болмауы қажет. Бұл ата-ана құқығын бұзып отыр. Олар азаматтық кодексті бұзып отыр», — деді адвокат Жангелді Сүлейманов.

Кей таксопарктердің табыс көзіне айналған жаңа жол ережесі көпшіліктің де көңілінен шықпайды. Айта кетейік, бұл жаңа заң арқылы шенділер жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, апатты жағдайларды азайтпаққа ұмтылып отыр. Десе де, заңның алғашқы нәтижесі айқын

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*