Алматы әкімдігін жарып жіберем деп қорқытқан азамат полицияға берілді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 31, 2024

Алматыда әкімдігіне қолында жарылғыш зат салынған шабаданы бар белгісіз біреу кіріп кеткен. Осыдан соң, КТК, НТК, МИР, Евразия арнасы мен әкімдік қызметкерлері сыртқа шығарылды.

"Әкімдікке "мина қойылған. Енді міне, сыртта тоңып тұрмыз. Кім болса да, жақсылап көңіл көтеруде", — деп жазды КТК арнасының журналисі Алексей Рыблов Facebook желісіндегі парақшасында.

"Қолында жарылғыш шабаданы бар, 37 жастағы белгісіз Евгений (мен емес!) деген біреу әкімдік ғимаратында қамалып отыр. КТК арнасының тікелей эфирінен көрсетуін талап етті. Айтары бар сияқты. Кепілге адам алмаған, алайда, өзіне ешкімді жақындатпайды. Кәсіпкер екенін айтады. Мұның немен аяқталарын білмедім", — деп жазды тағы бір КТК журналисі Евгений Дробязко.

Ал қалалық ІІБ кезекшісі ҚазТАГ тілшісіне жергілікті уақытпен сағат 11:40-та әкімдік ғимаратына қолында шабаданы бар белгісіз ер адамның кіргенін, ол ғимаратты жарамын деп қорқытқанын айтты.

Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек bnews.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, белгісіз ер адамның тәртіп сақшыларына берілгенін хабарлады.

"Сағат 11-27-де қалалық әкімдіктегі кабинеттердің біріне қамалып алған белгісіз ер адам берілді. Ол ешқандай талап қойған жоқ. Тек, айтуынша, 2008 жылы өткен азаматтық соттың шешімімен келіспейді", — деді Салтанат Әзірбек.

Мәлімет бойынша, ер адамнан ешқандай жарылғыш зат пен қару табылмаған. Оқиға орнына күш құрылымдары мен тәртіп сақшылары және өрт сөндірушілер дереу жетті.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.