Серік Ахметовтің қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 25, 2022

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысымен айыпталған бұрынғы  Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің жетекшісі Дидар Смағұлов хабарлады.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ақпаратқа көңіл аударудың қажеті жоқ», — деді облыстық департаменттен.

Сұхбаттасушының айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі жалған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме әзірлеуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Серік Ахметовке үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы үш айға, 2015 жылдың 18 ақпанына дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК АҚ, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішевке, М.Смағұловқа, А.Эссеге, Г.Рахымжановқа және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері тергелуде.

Тергеудегі істер ауқымында Серік Ахметов те ұсталып, одан әрі оған айып тағылды. Серік Ахметов 2009 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қарашасына дейін Қарағанды облысының әкімі болды.

Бұдан кейін  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Премьер-Министр қызметінде жұмыс жасады. 2014 жылдың 3 сәуірінен 22 қазанға дейін Қорғаныс министрі лауазымында болды.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.