Ішімдікпен араласқан қымыз адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 19, 2023

Ішімдікпен араласқан қымыз адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Себебі, ағзадағы алкоголь қымызбен араласып, адамды тез ұмытшақтық ауруына әкеліп соқтырады.

"Ішімдік ішкен адамдарға қымыз, шұбат және газдалған сусындарды ішуге болмайды. Себебі қымыздың бетіндегі көпіршіктер адам ағзасына барғанда көмір қышқыл газын бөліп, ағзасына тез сіңіп, тез масайтады. Сондай-ақ, ащы мен ащы қосылып адам денесін тез әлсіретіп, ұмытшақтық ауруына әкеп соқтырады", — деді  ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Нағашыбекқызы. 

Сонымен қатар, қазақ халқы ежелден қымызды емдік қасиеті үшін де пайдаланып келген. Маманның айтуынша, қымыз-туберкулез ауруына қарсы бірден-бір шипа.

"Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың адам денсаулығына тигізер пайдасы өте мол. Қымыз "С" дәруменіне бай. Оның құрамында адамға бір тәулікке керекті витамин бар. Сиыр сүтімен салыстырғанда дәрумендер саны он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күреседі", — деді аға оқытушы.

Қымыз – шипалы әрі жұғымды сусын екендігі бүгінде дүние жүзіне белгілі. Дегенмен, мамандар қымызды асқазанда ойық жарасы бар және ұйқы безінің ауруларына шалдыққан адамдарға ішпеуге кеңес береді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.