Париж редакциясына шабуыл жасаған күдіктілер тұрғындарды тұтқынға алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 8, 2022

Париж аумағындағы Сена мен Марна департаменттерінде белгісіз біреулер тұрғындарды кепілдікке алды деп хабарлайды RTL радиосы.

Париж іргесіндегі Уаз департаментінде полиция мен лаңкестікке күдіктілер арасында атыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы жиырма адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған деп жазады Le Parisien.

Бұған дейін Charlie Hebdo журналының кеңсесіне шабуыл жасаған ағайынды Шериф пен Саид Куашилер Даммартен-ан-Гоэль қалашығында адамдарды кепілге алғандығын хабарлаған болатынбыз.

Күдіктілер CDT баспа үйінің ғимаратына бекініп, құқық қорғау органдарының жасағымен қарулы қақтығысқа барды. Әзірге кепілде қанша адамның болғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда баспа үйі орналасқан өндіріс аймағы түгелдей қоршауға алынған. Арнайы жасақ маңайды жерден де, әуеден де күзетіп жүр.

Қаза тапқандардың кім екені айтылған жоқ. Дегенмен, Париж прокуратурасы олардың қатарында арнайы жасақ сарбаздарының жоқтығын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, 7 қаңтар күні Франция астанасында суық қаруланған үш адам карикатуралық журналдың кеңсесіне келіп, 12 адамды атып өлтірді. Олардың 10-ы басылым қызметкерлері болса, екеуі полицейлер.

Қарақшылардың үшеуі де оқиға орнынан ізін жасырған. Қазір бұл іс террорлық әрекет деп бағаланып, күдіктілерді ұстау операциясы жүргізілуде.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.