Жол апатында қаза тапқандардың туыстары жүргізушіден 30 млн теңге талап етті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 31, 2024

Павлодарда үш бірдей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп айыпталған жүргізуші 30 млн теңге өтемақы төлеуі мүмкін. Көлік астына түсіп, көз жұмған марқұмдардың туыстары осындай талап қойып отыр. Үш адамды қаққан жүргізушіден 30 млн теңге талап етілді

Олар "ажал құшқан әр адам үшін айыпталушы он млн теңгеден төлесін", -дейді.

Бұл туралы 7 арна "Тенгриньюс" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал жол апатына себепші болған 25 жастағы Жамбыл Мұқантаев өзіне тағылған айыптарды толық емес, бірақ ішінара мойындады. Алайда, марқұмдардың туыстары оның сол күні ішімдік ішіп, рульге отырғанын атап өтті. Ол аздай ешкімге көмектеспестен, оқиға орнынан қашып кеткені тағы бар.

Жақындарынан айырылып қалған жәбірленуші тарап соттың ең қатаң жаза беруін де талап етіп отыр.

Естеріңізге салайық, жол апаты өткен жылдың қыркүйегінде болып 1967 жылғы ер адам мен екі әйел қаза тапты. Біреуінің соңында жеті жасар баласы жетім қалды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.