АҚШ-та екі қыз 16 жастағы ағаларын өлтіріп тастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 20, 2023

Оқиға жуырда Уайт Спрингс муниципалитетінде орын алған. Жергілікті ActionNewsJax.com порталы хабарлағандай, 15 және 11 жастағы екі қыз өз ағаларының өліміне кінәлі.

Қайғылы оқиға ата-аналары жұмыста болғанда орын алды. Жерлгілікті полиция ақпаратынша, қыздардың үлкені ата-анасының бөлмесіне кіріп тапаншаны алған. Кейін сол қарумен ағасын атқан.

Полиция кіші қыздары да оған қатысты деп есептейді, алайда ағасына үлкені оқ атқан көрінеді. Осыдан кейін қыздар үйінен кетіп қалып, кейін оларды тәртіп сақшылары ұстағаны хабарланды.

Олардың ата-аналары да қамауға алынды. Оларға немқұрайлықтарының салдарынан адам өлімі орын алды деген айып тағылды. Қыздардың ағасын өлтіру себебін тергеушілер анықтауда.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.