Олланд Париждегі атысты лаңкестік шабуыл деп атады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 26, 2023

Париждің қақ ортасында орналасқан Charlie Hebdo сатирикалық журналының кеңсесінде белгісіз екі адам автоматты қарудан атыс ашты.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша 12 адам қаза тапты, оның ішінде екі полицей мен бір журналист бар. Тағы 10 шақты адам түрлі жарақат алған. Франция Президенті Франсуа Олланд бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп атады.

Атыс салдарынан Charlie Hebdo сатирикалық журналының кеңсесінде 12 адам қаза тапты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2011 жылы бұл журнал мұсылман басшылары туралы комикстерді жариялаған екен.

SkyNews телеканалының мәліметтері бойынша ғимаратқа қара капюшондағы екі ер адам баса көктеп кіріп, Калашников автоматынан атқылай бастаған. Одан кейін бұл екеуі ғимараттан шығып, іздерін суытқан.

Редакцияның Twitter-дегі ресми микроблогындағы соңғы хабарламада «Ислам мемлекеті» ұйымының көшбасшысы Абу Бакра әл-Багдадидің карикатурасы тұрған. Бұдан бұрын Charlie Hebdo құрушылары өз парақшаларында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялаған екен.

Ал 2006 жылы Charlie Hebdo балаларға арналған Jyllands-Posten басылымындағы Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын қайта басып шығарды.

2012 жылы «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмінен кейін тәртіпсіздіктің етек алған шағында бұл басылым тағы да карикатуралар топтамасын басып шығарды.

Бұның нәтижесінде белгісіз біреулер журнал басшысын «өлтіреміз» деп қорқытқан. Ол көп уақыт бойы тәртіп сақшыларының қорғауында болған.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.