Бейнетіркеуішке жазылған жазбаны сотта пайдалануға рұқсат берілді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 27, 2022

Көліктің бейнетіркеуішіне түскен жазбаны сотта айғақ ретінде көрсетуге болады. Бұл 1-ші қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңда қарастырылған.

Бұған дейін бейнетіркеуішке түскен жазбалар ғаламторда талай дау тудырған еді. Онда талай жол апаттары көрсетілді.

Сондай-ақ, жол полицейлерінің дөрекі қылығы жазылып қалып, олардың масқарасы шыққан. Алайда видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізілгенімен, оның сапасы, күні мен уақытының нақты жазылмағанын сылтаурататын судьялар оны процесстерде қараудан бас тартатын.

Әрі бұған заң бойынша рұқсат жоқ еді. Енді әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекске сай жазбаны сот отырысына алып келіп, нақты айғақ ретінде көрсетуге болады.

Жалғыз бейнетіркеуіш емес, көшедегі бақылау камерасына түскен жазбаны да іске дәлел ретінде қосуға заң бойынша рұқсат етіліп отыр. Ал айып тағылған тарап видеоның шынайлығына күмән келтірсе, ол сараптамаға жіберіледі.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.