Назарбаев пен Меркель Берлинде Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 25, 2023

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтар күні Германия канцлері Ангела Меркельмен Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу үшін Берлинге барады.

Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. Кездесу барысында Украинада қалыптасқан жағдайды шешу мәселесі талқыланады. Сондай-ақ, қаңтар айының ортасында осы тақырып бойынша "норманд форматында" келіссөз өткізуге дайындық мәселесі де қаралады, деп хабарлайды Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт.

Бірақ, dpa агенттігінің хабарлауынша, Зайберт 15 қаңтарда Астанада келіссөз өтетіні жайлы ештеңе айтпаған.

"Мен әзірше бұндай кездесудің болатыны және оның қашан өтетіні туралы ештеңе айта алмаймын. Бастысы, сол кездесуде нақты келісімдерге қол жеткізілсе болғаны", — дейді ол.

Елбасының Ангела Меркельмен кездесуімен бір уақытта Ресей, Украина, Франция және Германия елдерінің сыртқы істер министрлерінің телефон конференциясы өтпек, дейді агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ, алдағы аптаның басында аталған елдердің сыртқы істер министрлері деңгейінде жиын өтуі мүмкін. Онда Қазақстан астанасында өтуі ықтимал кездесу жайы да талқыланбақ.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.