СҚО-да жүргізушілер әдемі нөмірлерге таласып қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 27, 2022

Солтүстік Қазақстанның тұрғындары көліктеріне «әдемі нөмір» тағудан басқа өңірдің жұртына дес бермейді.

Орташа табысы ең төмен аймақ саналса да, айналасы екі жарым айда осы облыстағы жүргізушілер қазынаны жеті миллион теңгеге толықтырыпты.

Көлікке келісті нөмірлерді сату елімізде былтыр қарашадан басталған болатын. Бұл шешім әкімшілік полиция қызметкерлері арасында жемқорлықты жою және қазынаны толықтыру мақсатында қабылданған.

Мәселен, 00-ден басталатын нөмірлер 400 мың теңгеден асып жығылса, 111, 222 сияқты 3 бірдей сандар қатары 200 мыңнан саудаланады.

Алайда күнкөріс деңгейі ең төмен Солтүстік Қазақстанда сұраныс көп болады деп ешкім ойламапты. Жүргізушілер әсіресе 001 және 777 деген сандардың тізбегін сұрайды екен. Жол сақшылары мұндай нөмірлерге тапсырыс беріп үлгермей жатқандарын айтады.

Бір қызығы, кейбір тұрғындар ескі көліктеріне де қымбат нөмір алудан ақшаларын аяп жатқан жоқ.

"Камаз" машинасына сатып алды үш бесті. Одан кейін жуырда «Ауди- 80» көлігіне  үш нөмір алды. Жуырда «Мерседес- Бенц» 124 кузовта 999 нөмірін алды әдемі. Ескі машинаға. 90-шы жылғы машинаға 999 нөмірін алып таққандар бар", — дейді  СҚО ІІД бөлім бастығы Ержан Жұманқұлов.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.