Алматыда соттың жаңа басшылары тағайындалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 22, 2023

Қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын таныстырды деп хабарлады қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымына бұрын Астана қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған Дәулен Жұмаұлы Балықов тағайындалды.

Бұрын мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін атқарған Жанат Сәкібайұлы Бекжанов Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып бекітілді.

Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген Арман Жұмабайұлы Шәмшиев Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне ауысты.

Оларды тағайындау жөнінде Жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті 2014 жылдың 24 желтоқсанында қол қойды.

"Ұзақ жылдар бойы судья болып қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтаған Дәулен Балықов пен Жанат Бекжанов сот жүйесінде өздерін жоғары білікті заңгер, шебер ұйымдастырушы ретінде таныта білді", — деп атап өтті жаңа төрағаларын ұжымдарға таныстыру барысында қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.