Kodak смартфон шығаруды қолға алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 31, 2023

Kodak және Bullitt компаниялары біріге отырып смартфон мен мобильдік құрылғылар тобын шығармақ. Олар тіпті гаджеттің алғашқы суретін жариялап та үлгерді, деп хабарлайды Lookatme.

 
Смартфон фотосуреттерді түсіріп, жариялау үшін пайдалануға арналған. Ол Android-тың соңғы нұсқасымен жұмыс жасайды. Әзірге оған қатысты басқа мәліметтер келтірілмей отыр.

Құрылғының технологиялық бөлігін Bullitt атқарады, ол атап айтқанда, смартфондарды жобалап, дайындап, басқа компаниялармен әріптестікте оларды өткізеді.

Ал Kodak ол үшін өзінің брендін ұсынады. 2015 жылдың екінші жартысында бұл компаниялар 4G қосылған мобильдік құрылғыларын, планшет пен оларға қосылатын объективтерін көпшілік назарына ұсынбақ.

Kodak смартфондары алғаш рет 2015 жылдың қаңтар айында өтетін CES көрмесіне қойылады.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.