Елімізде қайыршылар мен жезөкшелерге қарсы тәртіп күшейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 29, 2023

Полицейлер қайыршы, балгер мен жезөкшелерге қарсы күресті күшейтті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгертулер сәйкес, көшеде алақан жайған, тәнін сатқан және құмалақ тартқан адамдарға 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Бұған дейін қоғамның осы бір тобына тек ауызша ескерту жасап келген тәртіп сақшылары енді осындай құзырға ие болды.

Бұл бүгінгі таңда белең алған құқық бұзушылыққа тосқауыл болып, полицейлердің жұмысын жандандыра түспек.

Бұл құқық бұзушылық бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Екінші рет ұсталса, айыппұлдан бөлек, 5 тәулікке дейін абақтыға қамалады.  Ал келімсектер ел аумағынан шығарылады.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.