Елімізде жол полициясы көлік дөңгелектерін тексере бастайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 24, 2022

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандық жол-патрульдік қызметінің мамандары көлік дөңгелегінің сапасын тексеруге құқылы.

Өйткені, Кеден одағына мүше елдер қабылдаған жаңа техникалық регламентке сәйкес, жаңа жылдың қаңтарынан үш ел — Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде тұратын көлік иелері көліктерінің дөңгелегін жылдың маусымына (қыс, жаз) байланысты дер кезінде ауыстырып тұруға міндетті болды.

Жол-көлік патрульдік қызметі мамандарының айтуынша, Кеден одағының жаңа техникалық регламенті бойынша қыс айларында — жазғы дөңгелектерді, керісінше, жаз күндерінде «шегесі» бар қысқы дөңгелектерді пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынып, заң бұзғандар қатаң түрде жазаланатын болды.

Сондай-ақ, дөңгелектің бұдырының (протекторы) қаншалықты қалғандығына байланысты шектеу қойылмақ. Мысалы, жазғы дөңгелектің бұдырының тереңдігі кем дегенде — 1,6, ал қысқы дөңгелектің бұдыры 4 миллиметр болуы тиіс.

Дөңгелек бұдырының талапқа сай келетін-келмейтінін МАИ қызметкері бастапқыда көзбен қарап, анықтайды.

Егер көлік жүргізушісі жол-патрульдік қызметі маманының пікірімен келіспеген жағдайда, дөңгелек бұдырының тереңдігін қарапайым тәсіл — кәдуілгі сызғышпен өлшеп, дәлелдеуге болады.

Жалпы алғанда, көлік дөңгелегінің маусымға сәйкес келмеуі көліктің техникалық талапқа сай келмейтіндігін көрсетеді.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.