Обама: АҚШ тарихындағы ең ұзақ соғыс осымен аяқталды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 13, 2023

АҚШ-тың тарихындағы ең ұзақ соғыс – НАТО-ның Ауғанстандағы 13 жылға созылған миссиясы соңына жетті.

Ақ үйде өткен жиында Барак Обама бұл соғыста қаншама жан елдегі тыныштық үшін жандарын құрбан еткенін айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Обаманың айтуынша, АҚШ әскері соғыс жылдарында бастарын қатерге тігіп, Ауғанстан азаматтарының бейбіт әрі тыныш өмір сүруі үшін жандарын салыпты. 28 желтоқсанда Кабулдағы бірлескен әскердің штаб-пәтерінде Ауғанстандағы бітімгерлік миссияға қатысқан барлық мемлекеттердің қатысуымен НАТО жалауы түсірілді.

Қазіргі кезде Одақтас мемлекеттердің 13 мыңнан астам әскері Ауғанстанда жаңадан құрылған "Қорытынды қолдау" атты миссияға қатысып жатыр.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.