Астанада жаңажылдық салют үш жерде өтеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 4, 2023

Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлайды astana.kz.

Дәстүр бойынша Жаңа жылға орайластырылған салют Есіл өзенінің жағасында, "Хан шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының жанында, сонымен қатар Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болады.

Астана қаласының әкімі бір уақытта үш ауданда отшашу ұйымдастыруды тапсырды. Еске салайық, 31 желтоқсанда сағат 21:00-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Белгілі әртістердің өнері көпшілікті тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.