Ауыр атлетика федерациясы Ильин, Қыдырбаев, Чиншанлоға автокөлікті сыйға тартты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 26, 2023

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Алматыда өткен әлем біріншілігінің чемпиондарына автокөлік сыйға тартты.

Жаңа жыл қарсаңында еліміздің спорт жұлдыздары Қарағанды қаласындағы балалар үйіне барып, қайырымдылық шараға қатысты. Олардың қатарында Серік Сәпиев, Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев, Зүлфия Чиншанло, Абылайхан Жүсіпов, Маргарита Елисеева бар.

Одан соң "кеншілер" шаһарында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков зілтеміршілерді жеке қабылдады. Үш чемпионға автокөліктің кілтін табыстады.

"Әлем чемпионатында жеңіске жеткен толағайларымыз Қазақстанның атағын одан сайын аспандатты. Осындай жетістікке жетуі үшін олар жаттығу залында аянбай тер төккен. Біз өз тарапымыздан Қазақстан намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылардың жақсы өнер көрсетулері үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз", — деді Түсіпбеков.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.