Қазақстандықтар «әдемі» нөмірге 821 млн теңге жұмсаған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 18, 2022

Қазақстанда қазан айынан бері 2,4 мың қымбат мемлекеттік нөмір сатылып, мемлекет бюджетіне 821 млн теңгеден астам қаражат түсті.
Бұл туралы ІІМ әкімшілік полициясы комитеті Тіркеу-емтихан алу жұмысы бөлімінің басшысы Бауыржан Наханов мәлім етті.

"Биылғы 20 желтоқсандағы деректерге сәйкес, 2 қазаннан бері 2 мың 409 қымбат мемлекеттік нөмір 821 миллион 43 мың 456 теңгеге сатылды", — деді Наханов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берудің мемлекеттік салығы көтерілген болатын.

Мәселен, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 деген үш орынды сандармен бірілген мемлекеттік нөмірлік белгілер 253 мың 724 теңгеге; 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері — 422 мың 256 теңгеге бағаланған болатын.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.