Алматы халқы Ибрагим Исаевты бақилық сапарға шығарып салды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 23, 2023

Жазушылар одағында белгілі ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаевпен қоштасу рәсімі өтті.

Көрнекті ақынды бақилық сапарға шығарып салуға қазақ әдебиетінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақынның оқырмандары мен туысқандары қатысты.

Келушілер "әр өлеңі әнге сұранып тұрған" Ибрагим Исаевтың қазасы қазақ әдебиетіне орны толмас ауыр қайғы әкелгенін айтып, марқұмның отбасына көңіл айтты. Ақын 27 желтоқсанда 65 жасқа қараған шағында жүрек ауруынан көз жұмған болатын.

Ибрагим Исаев 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.

Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, "Ара" журналында фельетоншы, "Жалын" альманахында редактор, "Сахна-Сцена" журналында бас редактор, "Сақшы — На страже" газетінде, "Арай" журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. "Алтын сырға", "Таң алдындағы ән", "Тербеледі қайыңдар", "Жанымның жарығы" өлеңдер жинағының, көптеген ән мәтіндерінің авторы.

"Ән-аға" атты ән альбомы шыққан. Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.