Аты шулы Ким Чен Ынның өлімі туралы «Интервью» фильмі $15 млн жинады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 5, 2024

Солтүстіккорейлік көшбасшы Ким Чен Ынға шабуыл жасау туралы "Интервью" фильмі төрт күннің ішінде Интернетте 15 млн доллар жинаған. Бұл туралы Reuters фильмді шығарушы Sony Pictures Entertainment компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ким Чен Ын

Компания мәліметтеріне сәйкес, комедияны екі миллионға тарта интернет пайдаланушы көшіріп алған немесе онлайн көру құнын төлеген. Сондай-ақ АҚШ-тың бірқатар кинотеартларында көрсетілген фильм қосымша үш миллион долларға жуық табыс түсіріпті.

"Біз бұл фильмді рождествоға дейін шығарып үлгеру үшін тынымсыз еңбек еттік", — дейді компания жетекшілерінің бірі Рори Брюер. Ол сондай-ақ Sony Pictures "көздеген мақсатқа жете алғанына өте қуанышты" екенін атап өтті.

Азиялық мемлекеттің билігі фильмнің мазмұнын сынап, ол АҚШ үкіметі мен америкалық қоғамның қаншалықты қажып кеткенін көрсетеді деген баға беріпті. АҚШ киносыншыларының өзі де тым жеңілтек фильмнің сюжетіне теріс рецензия білдірген екен.

Картина бұған дейін айналасында туындаған халықаралық дауға байланысты кең ауқымды прокаттан кері қайтарылған болатын. Sony Pictures Entertainment хакерлердің қатаң ескертуінен кейін 25 желтоқсанға белгіленген тұсаукесерінен де бас тартуға мәжбүр болды.

Өздерін "Әлем сақшылары" тобына жатқызатын хакерлер компанияның компьютерлік желісін бұзып кіріп, "Интервью" кинолентасын көрсететін АҚШ кинотеатрларына "2001 жылдың 11 қарашасындағыдай" лаңкестік шабуыл жасалады деген ескерту жасаған.

Алайда ол әрекеттерін қалай жүзеге асыратындарын хакерлер нақтыламапты.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.