Алматыда мас адам жол полицейімен төбелесіп қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 6, 2024

Мас жаяу жүргінші Алматыда жол қозғалысын реттеуші полицейді ұрып жықты. Бұл туралы Lafa.kz сайтына сілтеме жасап Алаш айнасы жазады.

Оқиға 25 желтоқсанда кешке Сейфуллин даңғылының Райымбек даңғылымен қиылысына жақын жерде болды. Куәгер тәртіп сақшысы мен ер адамның төелесе жөнелген әрекетін видеоға түсіріп алды. Алматы ІІД бұл деректі растады.

"Жол-патруль қызметінің инспекторы Сейфуллин-Райымбек даңғылдарының қиылысында жаяу жүргінші жолын реттеп тұрды. Мас адам полицейдің талабына бой ұсынбай, жолдан өткісі келеді. Тәртіп сақшысының ауызша ескерткен кезде ер адам оған жұдырық ала жүгірді. Төбелес болды. Кейін оқиға орнына полиция жасағы келіп, ер адамды тыныштандырды. Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді", — деді ІІД полицейлері.

Мас адамға Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 321-бабы бойынша ("Билік өкіліне қарсы күш қолдану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұлай болған жағдайда ол 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткішінде айыппұл төлейді немесе алты айға қамалады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еліміздегі және шетелдегі маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.