Жексенбіде еліміздің басым аумағында күн ашық болады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 17, 2020

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күн ашық болады.

Шығыста және батыста ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашынды болып, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет».

Шығыс Қазақстан облысында түнде жел 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25-28 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, кейбір аудандарда бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде бұрқасын көтеріледі.

Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады,

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.

Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/сқа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.