Ақмола облысында боранда адасып қалған 3 оқушы табылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 2, 2024

Ақмола облысында боранда адасып қалған 3 сынып оқушылары табылып, ата-аналарына тапсырылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша желтоқсанның 26-ы күні Ерейментау аудандық ІІБ Еркіншілік ауылынан 9 жастағы 3-ші сыныпта оқитын үш баланың жоғалып кеткені жөнінде ақпарат түскен.

Кейін белгілі болғандай, балалар өздерінің бірге оқитын сыныптастарының үйінде болып, сағат 16:00 шамасында шығып кеткен. Содан бері оларды ешкім көрмеген.

Осыған байланысты әкімдік, мектеп ұжымы мен ата-аналары және 40-тан астам полицейлер мен құтқарушылар тартылып, ауыл маңын түгел сүзіп шыққан.

Нәтижесінде түнгі 22:25 шамасында адасқан балалар ауылдан 3 шақырым жердегі саяжайдан табылды.

Дәрігерлер балалардың денесінен ешқандай жарақат пен үсік шалу белгілерін анықтамады. Олардың барлығы дін-аман ата-аналарымен қауышты.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.