Алматыда жол апатына түскен жүргізуші көлік нөмірін алып қашып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 24, 2021

Алматыда Жамбыл мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды.

Шетел көлігі батысқа қарай келе жатып, бағдаршамның бағанасын қаққан. Онымен тоқтамай, көлік сол жердегі үйлердің біріне келіп соғылды.

Жүргізуші және жолаушы болған оқиғадан кейін жаяу іздерін суытқан. Олар өздерімен бірге көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін де алып кеткен.

Қазіргі таңда қашқындарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.