Олимпиада комитеті Қазақстан спортшыларына шәкіртақы тағайындады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 1, 2024

Қазақстан спортшылары "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында "Рио-2016 олимпиадалық шәкіртақысының" иегерлері атанды деп хабарлайды Конфедерация.

"Олимпиадалық ынтымақтастық" — Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы.

Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.

Бүгінде Қазақстанға бөлінген 29 шәкіртақының 16-сы Конфедерация спорт түрлерінен болып отыр.

"Рио-2016 олимпиадалық шәкіртақысын" иеленген Конфедерация құрамындағы спорт түрлерінің өкілдері:

Боксшылар: Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы

Ауыр атлеттер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза

Грек-рим күресі балуандары: Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиев

Еркін күрес: Расул Қалиев

Әйелдер күресі: Гүзел Манюрова

Дзюдо: Азамат Мұқанов, Максим Раков, Елдос Сметов

Таеквондо: Нұрсұлтан Мамаев

Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындары 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.