Келер жылы қоғамдық орындарда шылым шегуге мүлде тыйым салынады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 9, 2019

Келер жылдан бастап қоғамдық орындарда шылым шегуге мүлде тыйым салынбақ. Яғни, мейрамханалар мен қонақ үйлерде, караоке, түнгі клубтар мен асханалардың өзінде темекі шегуге арналған жеке бөлмелерге тыйым салынуы мүмкін.

"Темекі түтінінен азат Қазақстан" қоғамдық коалициясының мүшелері бұл өкпесі қабынып, жыл сайын түрлі аурудан көз жұматын 25 мың адамды құтқарып қалуға мүмкіндік десе, шағын және орта бизнес өкілдері мұндай шектеу табысымызды 30 пайызға қысқартады — деп наразылық танытып отыр.

Келер жылдан бастап қоғамдық орындарда шылым шегетін адамдармен күрес күшейтілмек. Мәжіліс мақұлдаса, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске "көпшілік орындарда арнайы жабдықталған темекі шегу бөлмелерін жаппай жабу" туралы өзгерту енгізіледі. Бұл түзетулерге наразы кәсіпкерлер норма қабылданса, мейрамхана кірісінің жартысынан қағыламыз — деп отыр.

"Демалуға келген адам сол 5 сағаттың ішінде темекі шекпей отыра алмайды. Сондықтан темекі шегуге арналған арнайы орындары болуы керек әр ресторанның. Бірі темекіні шегіп алайын, одан кейін шекпеймін деп уәде беретіндер болады. Мүлде тыңдамай, сөзге көнбейтіндері де болады", — дейді мейрамхана жетекшісі Нұрлан Рысқұлов.

Жалпы еліміздегі ересек адамдардың 30 пайызы темекіге тәуелділер қатарында. Алайда қорап сыртындағы құбыжық суреттер мен әлеуметтік роликтер шылымқорлар қатарын азайтуға дәрмәнсіз. Дәл қазір аңсары ауып, темекі шеккісі келіп тұрған адамды, 10 жылдан кейін қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін деген ескертпе де тоқтатпайды — деді мамандар.

"Денсаулық сақтау министрлігін есебін зерттей келе, Алматы қаласында шылымқорларды емдейтін 20 реабилитациялық орталық ашылғанын білдік. Сенсеңіз, біз солардың бір де біреуін іздеп таба алмадық. Тапқан күннің өзінде олар шылымға қарсы пластрь мен сағыз беріп, жөнімізге жөнелтетініне сенімдімін", — деді заңгер Азамат Қаймақов.

Ал мейрамхана кәсіпорындары және қонақ үйлер бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайловтың айтуынша, "Темекі шегуге арналған орындарға тыйым салу тәжірибесі батыстың бірқатар елдерінде тиісті нәтиже берген жоқ. Соның салдарынан мейрамханаларға келушілер саны шамамен 30 па-йызға қысқарды. Алайда темекі шегу деңгейі төмендей қоймады", — дейді.

 

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.