Ипотекалық несие беруді тоқтатқан банктердің кейбірі доллармен қарыз беруге әзір


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 9, 2023

Елімізде кейбір банктер жаңа жылға дейін ипотекалық несие беруді тоқтатты. Сарапшылардың пікірінше, қаржы институттары өздерінің тарифтік саясатын өзгерту үшін жанталасып жатыр.

Себебі, нарықта банктер ұсынған пайыздық үстеме тым жоғары болып, ипотекалық несиені тұтынушылар азайып кеткен. Алматыда Темірбанк, Еуразиялық банк, Қазкоммерцбанк, Сбербанк жаңа жылға дейін, ал "Банкцентркредит" қаңтардың 9-на дейін ипотекалық несиені беруді уақытша тоқтатты.

БТА банк жалақыңыз төлеуге жетіп тұрса, доллармен қарыз беруге әзір. Бұл мәліметтерді қаржы ұйымдарының байланыс орталықтарынан алдық. Ал БТА банкпен техникалық, ақпараттық жүйелерін біріктіруді жүзеге асырып жатқан "Казкоммерцбанк" өтініштер қабылдауға бекінген.

Үстеме пайызы өте жоғары несиені алушылардың саны төмендеп келеді. Қалай десек те, адамдардың қарызды көзді жұмып тұрып алатын кезі келмеске кетті.

"Сіздер қазіргі валюта нарығындағы ахуалмен байланыстырып отырған шығарсыздар, әрине қауіп-қатер бар, бізде біріздендіру жүріп жатыр. Олардың шарттары, тарифтері басқа, біздікі басқа, сондықтан біз несиелендіруді тоқтаттық", — дейді "Казкоммерцбанктің" Қоғаммен байланыс департаментінің директоры  Лариса Коковинец.

Ал экономика ғылымдарының докторы Берік Байшев банк жүйесіндегі жағдайды жақсылыққа жориды. Баспана алуға қарыз берілмесе, үй бағасы арзандайды.

Дегенмен, сарапшы ипотекалық несиеден түсетін қомақты кірістен қағылу банктерге де тиімсіз деген пікірде. Яғни жаңа жылда баспана алуға берілетін қарыздың үстеме пайызы басқаша құбылуы мүмкін.

"Барлық банктерде ипотекалық несиенің үстеме пайызы өте жоғары. Ал үстеме пайызы өте жоғары несиені алушылардың саны төмендеп келеді. Қалай десек те, адамдардың қарызды көзді жұмып тұрып алатын кезі келмеске кетті. Халықтың қаржылық сауаттылығы артып келеді. Бүгінгі нарықтағы жағдай осының айғағы", — дейді  Қазақстан банктері қауымдастығының мүшесі Берік Байшев. 

Отандық банктердегі ипотекалық несиелердің жылдық үстемесі 13-14 пайыздан басталады. Есебі түгел қаржы ұйымдарының қандай тәуекелге баратыны жұмбақ. Еселеп төлейтін банк өніміне 2006 -2007 жылдары сұраныс артқан.

Бүгінде  тұтынушылардың ипотекалық несиеге тұрғын үй, жер учаскелерін алуға мүмкіндігі жоқ. Нарық тұралаған, келісім-шарттар күрт азайған

Үй бағасы да көз ілеспес жылдамдықпен шарықтаған еді. Сол жылдары баспаналардың 90 пайызы дәл осы ипотекалық несие арқылы иесін тапса, биыл керісінше жылжымайтын мүлік саудасы тоқырап тұр.

Мамандар оған несиенің ешқандай қатысы жоқ екенін шегелеп айтты.

"Кейбір банктердің нисие беруді тоқтатуы әрине нарықта сатып алушылардың белсенділігіне әсер етеді. Өйткені баспаналы болудың бірден бір құралы ипотекалық несие. Алайда қазіргі уақытта тұтынушылардың ипотекалық несиеге тұрғын үй, жер учаскелерін немесе коммерциялық мүлікті алуға мүмкіндігі жоқ. Нарық тұралаған, келісім-шарттар күрт азайған", — деді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов. 

Қалай десек те, тұтынушылар несиені алу оңай, ал оны төлеу қиын екенін ұққан сыңайлы. Бірақ, нарықтағы несие дағдарысыныңқашан жанданатыны әзірге белгісіз болып ұр.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.