Назарбаев пен Путин Еуразиялық одақты талқылады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 14, 2023

Мәскеу қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей gрезиденті Владимир Путинмен кездесті. Кездесуде Елбасы Ресей Президентімен алғашқы кездескеннен бері 15 жыл өткенін айтты.

«Осы уақыт аралығында сіз Ресейдегі хаосты тоқтаттыңыз. Осы жылдар ішінде Ресейде билік вертикалын қалпына келтірдіңіз, соның арқасында ол бүгінде мүлде басқа елге айналды. Өзіңіз жариялаған Жолдауды және ойға алған жоспарларды жүзеге асыруда үлкен табыстар тілеймін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесуде Елбасы 2015 жылы 1 қаңтардан басталатын Еуразиялық экономикалық одақтың маңыздылығы туралы айтты.

«Биыл біз Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойдық. Ол келесі жылы жұмыс істей бастайды. Барлық кедергілерге қарамастан, біз бұл ұйымды қолдауға және оны өміршең әрі барлығы үшін тартымды етуге тиіспіз», — деді tлбасы.

Ресей Президенті Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың негізгі перспективаларына және интеграцияны әрі қарай тереңдету жөніндегі жоспарларға тоқталды.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.