Назарбаев пен Порошенко екі ел арасындағы байланыстарды қалпына келтірмекші


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 29, 2023

Қазақстан және Украина президенттері екіжақты экономикалық байланыстарды қалпына келтірмекші, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко

"Мен, қиындықтарға қарамай, біздің елдердің арасындағы байланыстарды қалпына келтіретін уақыт жетті деп ойлаймын. Бірақ оның алдында мен сіздерді құттықтағым келеді: қиындықтарға қарамай, сіздер Радаға сайлау өткізе алдыңыздар, сол себептен үкіметті қалыптастыра алдыңыздар. Бұл президент Порошенконың алғашқы жеңісі. Әрине, мен толығымен қолдайтын Минск хаттамасы мен минскілік үдеріс те – сіздің еңбегіңіз. Қазір теке-тірестен ымыраға келетін уақыт және осы базада экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мезгілі басталды", — деді Назарбаев дүйсенбі күні Порошенкомен кездесуінде.

Ол Қазақстанда украиндық автотехника мен ауыл шаруашылығы машиналары табыспен қолданылып келе жатқанын еске салды.

"… Харьков тракторы жұмыс жасауда. Автобустар, ауыл шаруашылығы техникалары, коммуналдық техникалар жұмыс жасауда. Азық-түлік (ҚР-дағы украиндық – ҚазТАГ) 20 пайызға дейін болатын. Біз де мұнда өнімдерімізді жеткізетінбіз. 4 миллард болатын тауар айналымының көлемі былтыр үштен бірге қысқарды. Бірақ мен қайтадан соған оралу мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Үкіметаралық комиссия жұмыс жасап, ортақ нәрселерді табуы керек. Мен қазір орын алып отырған қиындықтарға қарамай ондай мүмкіндіктер бар деп есептеймін", — деді президент. 

Одан басқа, Қазақстан басшылығы Украинадағы қарулы қақтығыс тақырыбын қозғады.

"Әрине, Петр Алексеевич, жағдай ауыр. Мен өз тарапымнан Шығыс Украинадағы және басқа да аумақтардағы проблемаларды шешу, жағдайды жалпы тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды толығымен қолдаймын. Ресеймен де, Еуропамен де, сондай-ақ Украинамен де тең достық қарым-қатынас жасай отырып, мен сіздермен бірге осы мәселенің үстінен жұмыс атқара аламыз деп ойлаймын. Өңірде не болып жатқанын талқылай келіп, жалпы қандай да шешімге, біздің әрекеттерімізді үйлестіруге келерміз деп үміт етемін", — деді Назарбаев.

Өз кезегінде Петр Порошенко Қазақстан президентіне Украинаға жасаған сапары үшін алғыс атты.

"Біз сізді көруге қуаныштымыз. Сіз менің шақыртуымды қабыл алып, бізге келгеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Мен тату елдердің көшбасшыларының қарым-қатынасында осыншама үзіліс орын алуына жол бермеу керек деп есептеймін. Мен, біздегі экономикалық саладағы бар әлеует, синергия, тауар айналысының осыншама кемуіне жол беруге болмайды деп есептеймін,  мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта, саяси қорғаныс саласында… Мен әңгімелесетін нәрселер көп деп ойлаймын. Біздің елдердің арасындағы барлық кедергілерді алып тастайтын үкіметаралық комиссия жұмысқа кірісуі тиісті", — деді Украина президенті. 

 

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.