Ресейден көлік тасығандар оны рәсімдей алмай қаламыз ба деп қауіптенеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 1, 2022

Ресейден арзан көлік жеткізіп, пайдаға кенелеміз деген ақтөбеліктер қиындыққа тап болуы мүмкін. Олардың жаңа жылға дейін арнайы сертификатқа қол жеткізе алмайтын түрі бар.

Көліктердің тиісті талаптарға жауап беретінін анықтайтын мекеме 25 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Мұны қызметкерлер алдын ала жария еткен. Ал 2015 жылдан бастап жаңа талаптар күшіне енеді. Шекарадан бері асқан көлік нөпірі көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Уақыттың тығыздығына орай шарасыз күй кешкен жүргізушілер қосымша шара қабылдауды талап етеді.

"Адам өте көп. 25 желтоқсанға дейін үлгермесек, Ресейге қайта баруға тура келетін шығар. Сол жақта көлікті сатып немесе тіркеуге тұруға мәжбүр боламыз", — дейді көлік жүргізушісі Виталий Вешагурий.

Көліктердің техникалық жағдайын тексеретін серіктестік өкілі құжаттардың 1 қаңтардан бастап қандай тәртіппен қабылданатынын дөп басып айта алмады. Бірақ, қосымша жұмыс күшін алып, кезекті жеделдетуге мүмкіндік жоқ екенін кесіп айтты.

Ал жол сақшылары  көлік иелерінің Ресейге оралуы міндетті емес деп отыр. Келер жылдан бастап  сертификаттау, аккредитациялау және метрология органдары құжат рәсімдеу жұмысын орындайтын болады.

Ақтөбе облыстық ІІД ӘПБ тіркеу бөлімшесі бастығының орынбасары Омархан Сансызбаевтың айтуынша, Кедендік Одақтың регламентіне сәйкес өзгерістер болады. Қазіргі сертификаттардың орнына Көлік құралының құрылымы туралы куәлік беріледі. Егер көлік Еуро 4 санатына жатса, ешқандай қиындық тумайды. 

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.