Қазақстандықтардың басым бөлігі ақшасын доллармен сақтауда


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 15, 2022

Отандастарымыздың басым бөлігі жиған – тергендерін доллармен сақтағанды жөн санайды. Қазан айындағы көрсеткіш бойынша, ұлттық валютада депозит сақтау көрсеткіші шамамен 9%-ға төмендеген.

Ал АҚШ-тың көк қағазы керісінше 7%-ға көбейіп, 2,5 млрд теңгеден асып отыр.  Сарапшылардың сөзінше, бұл рубльдің тұрақсыздығынан туындаған жайт.

Теңгедегі депозиттің заңды тұлғалар үшін орташа сыйақы мөлшері 5,5%, ал жеке тұлғалардың депозиті 8,4 % құрап отыр.

«Халық теңгенің тұрақтылығына сенбейді. Ал АҚШ-тың экономикасы өрлеп жатқанда көк қағаздың құнды екендігін түсінген жұртшылық шетел валютасын жөн көруде», — деді экономист Уәлихан Төлешов.

"Қандай жағдай орын алса да, жуық арада теңге құлдырамайды".Бұл Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергеновтың "фейсбуктегі" парақшасына жазғаны.

Бұл оның жеке пікірі болғандықтан, Ұлттық банктің ұстанымы емес екендігін де атап өтіпті.

«Бұл жағдайда теңгенің құлдырауына жол бермейтін бір шешім бар. Бірақ ол әзірге құпия. Десе де оның мемлекеттің, бизнестің, қарапайым халықтың ортақ мүддесінен шығады деген ойдамын. Шешім барлық тараптан қолдау тапқаны күні халықтың Ұлтық банкке деген сенімі артады. Жалпы сөз соңында айтарым, рубль мен мұнай бағамында жуық арада қандай жағдай орын алмасын мерекелік демалыстарды еш қам жемей өткізуге болады», — деді Құдайбергенов.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.