Меню
Категории
almaty-d399kimi-brifingtegi-bayandamasyn-bastan-ayad29b-orys-tilinde-od29bydy
Алматы әкімі брифингтегі баяндамасын бастан-аяқ орыс тілінде оқыды
07.09.2022 Новости Казахстна

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов баяндамасын бастан-аяқ орыс тілінде оқыды.

Бұның себебін сұраған журналистерге қала әкімі "көпшілік түсінетін тілде сөйледім" деген жауабын айтты.

"Қазақ тілі – ана тілім. Бала кезде, 1-сыныпқа барғанымда орысша бір де сөз білмейтінмін. Қазақ тілі анамның сүтімен келген, сондықтан қазақша сөйлеуге қиналмаймын. Ал, бүгін орыс тілінде сөйлеп тұрғаным – қайталанбай, көпшілік түсінетін тілде сөйлейін дегенім. Баяндамамды толық орысша жасағанымның басқа еш себебі жоқ", — деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, ол Алматы қаласында граната жарылған «Сән және дизайн» колледжінің директоры жазасын тартқан-тартпағанынан бейхабар болып шықты.

«Колледж директоры жазаға тартылды ма, білмеймін. Бірақ, ол кезде директор денсаулығына байланысты жұмыста болмаған. Бірақ, ол әйел өте жақсы қызметкер, көп жылдар Алматы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Шынымды айтайын, ол жазаға тартылды ма, жоқ па, білмеймін», — деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы әкімдер рейтингісіндегі "лидерлердің" бірі.

Үлкен мегаполисті сегіз жылдан бері басқарып отыр. Сонымен қатар, бүгін брифинг барысында әкім "келесі жылы Тәуелсіздік күнінде елде болып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоямын" деген уәдесін берді.

 

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*