Путин өзінің жалақысы қанша екенін білмейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 27, 2022

Бүгін тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ресей президенті Владимир Путин өзінің жалақысы қанша екенін білмейтінін жайып салды, деп хабарлайды BNews.kz.Владимир Путин. Фото: РИА Новости

Журналистердің бірі баспасөз мәслихаты барысында Владимир Путиннен "Роснефть" мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Игорь Сечиннің жылдық жалақысы қанша екенін сұраған болатын.

"Сечиннің жалақысы қанша екенін білмеймін. Ол түгіл, өзімнің жалақымды да білмеймін. Ақшаны әкелген соң, оны есептемеймін де, есепшотыма аударамын. Шынымды айтсам, Сечиннің еңбекақысын білмеймін", — деп жауап берді Ресей президенті.

"Білетінім, ірі компаниялардың қызметкерлері, әрине, өте қомақты жалақы алады. Дегенмен, елдегі орташа еңбекақы мөлшерін ескергенімен, олардың табысының деңгейін бұл көрсеткішпен салыстырмауымыз керек. Әлемдегі осындай корпорациялардағы әріптестерінің жалақысымен салыстырғанымыз жөн", — деп толықтырды Путин.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Мәскеуде БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын оныншы рет өткізді. Халықаралық сауда орталығына 1200-ден аса ресейлік және халықаралық журналистер жиналды.

Путиннің ең ұзаққа созылған баспасөз конференциясы 2008 жылы өткен болатын, онда Ресей президентінің журналистермен кездесуі 4 сағат 40 минутқа созылды. Бүгінгі баспасөз мәслихаты шамамен төрт сағатқа созылды.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.