Түркияның ең көптиражды газеті Қазақстанға бір нөмірін арнады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 10, 2022

Түркияның  ең көптиражды "Заман" газетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай "Қазақстан" тақырыбымен арнайы басылым шығарылып, 1 млн тиражбен таралды.

Арнайы басылымға Қазақстанның жетістіктері, президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидалары, "ЭКСПО-2017" көрмесіне елдің дайындығы және Астананың ерекшеліктері туралы мақалалар мен ақпараттық-танымдық материалдар енді.

Газет нөмірі  Жолдаудағы Нұрлы жолдың" негізгі қағидалары және  Елбасының сөйлеген сөздерімен басталады.

Келесі тарауларда Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевтың және зиялы қауым өкілдерінің мақалалары жарияланып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері, Қазақстанның даму бағдарламалары, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық іс-шаралары, елдің "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге әзірлігі және т.б. мәселелер жоғары бағаланды.

"ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық тақырыбы басылымның бөлек тарауында орын алды. Газет редакторлары Қазақстанда қызмет етіп жатқан қазақ-түрік университеттері мен лицейлердің маңызды рөлін атай отырып, білім беру саласы бойынша қазақ-түрік ынтымақтастығына ерекше назар аударды.

Жалпы арнайы басылым түрік қоғамының Қазақстанға және еліміздің жетістіктеріне қатысты қызығушылығын танытты. "Заман" газеті — Түркияның ең көптаралымды басылымы, күнделікті негізде 1 млн данамен таралады. Газет Түркияның жалпы аумағына, сонымен қатар Америка, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдерінде тарайды.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.