Меню
Категории
astanada-d29bylmyskerdid2a3-d29bolynan-d29baza-tapd29ban-policejdid2a3-ordeni-d399kesine-tabystaldy
Астанада қылмыскердің қолынан қаза тапқан полицейдің ордені әкесіне табысталды
29.11.2022 Новости Казахстна

Қызмет барысында өмірін қиған полицей ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Самат Шоқанов аса қауіпті қылмыскерді құрықтау барысында мерт болған еді. Елбасының жарлығымен марқұмның атына жазылған арнайы марапат ата-анасына табысталды.

Самат Шоқанов биыл мамырда ірі көлемде есірткі тасымалдаушыны құрықтау кезінде ауыр жараланған болатын. Қаскөй "тоқта" дегенге қарамай полиция қызметкерін қасақана басып өткен. Бірақ алысқа ұзай алмай, қолға түсті.

Ал, аурухана төсегіне таңылған аға лейтенант арада апта өтпестен бақилық болды. Отбасындағы жалғыз ұл осылайша өмірмен ерте қош айтысты.

Қазір ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына өзі туған Қарағандыдан көше беру, сондай-ақ оқыған мектебіне ескерткіш орнату мәселесі қарастырылуда.

Ал тәуелсіздік күні Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров орденді марқұмның әке-шешесіне табыс етті.

"Саматымның қуанышына жете алмадым. Қазан айында үйленем деп отырған кезі ғой. Осы жағдайға душар болдық. Немере де сүйе алмай қалдым Саматымнан", — дейді марқұмның әкесі Болысбай Шоқанов.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*